Люк Джонсон Ресейдегі сүйікті тағамдарын атад

Люк Джонсон Ресейдегі сүйікті тағамдарын атад

Магнитогорскінің «Металлург» командасында өнер көрсететін америкалық шабуылшы Люк Джонсон ҚХЛ мен Ресей туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ресей – тамаша ел. Мұнда хоккей де жоғары деңгейде, сондықтан осында өткізген әр күнімнен ләззат алып жүрмін. Маған борщ пен пельмень қатты ұнайды. Екеуі сүйікті тағамдарым десем болады. Өте дәмді», – деді шабуылшы.

Жаңа маусымда Джонсон бес матч өткізіп, 3 (1+2) ұпай жинады.

Ол ҚХЛ-да «Металлург» сапында 216 ойын өткізіп, 83 (41+42) ұпай еншіледі.

Айта кетейік, Магнитогорск командасының құрамында «Барыстың» бұрынғы көшбасшылары шабуылшы Никита Михайлис пен қорғаушы Валерий Орехов та өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или