Бивол мен Бетербиевтің үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екені айтылды

Бивол мен Бетербиевтің үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екені айтылды

RCC Boxing басшысы Герман Титов ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жектің өткізілу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ функционер спортшылардың рингке оралуы мүмкін мерзімін атады.

«Желтоқсанда трилогия өткізуге болатын еді, бірақ бұл жағдайда Дмитрий WBO белбеуінен айырылып қалар еді. 2027 жылдың сәуір айында жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер болды. RCC Boxing аясында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Челябі қаласында, РМК аренасының ашылуына орай өткізгіміз келеді», – деді Титов «ДВИЖ БОРЦА 5» подкастында.

Екі чемпион алғаш рет 2024 жылдың күзінде кездесті. 12 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер басым дауыспен Артур Бетербиевке жеңіс берді.

Бірнеше айдан кейін боксшылар реванш өткізді. 2025 жылдың ақпанында өткен екінші жекпе-жекте төрешілердің басым дауысымен Дмитрий Бивол жеңіске жетті.

Енді бокс жанкүйерлерінің назары екі спортшы арасындағы үшінші жекпе-жектің өту мүмкіндігіне ауып отыр. Бұл кездесу ресейлік боксшылар арасындағы тартыстың түйінін түпкілікті шешуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или