«Барыс» үздіктер қатарына енді
«Барыс» ҚХЛ-дың қазіргі маусымында сан басымдығын тиімді пайдаланатын үздік командалардың қатарына кірді. Рейтингті «Штаб хоккеиста» Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық клуб 57,1 пайыздық көрсеткішпен рейтингте екінші орынға жайғасты. Бірінші орында 60 пайыз көрсеткішке ие Минскінің «Динамосы».
Үздік үштікті ЦСКА түйіндеді. Мәскеулік клуб сан басымдығының 50 пайызын голға айналдырып отыр.
Одан кейін «Нефтехимик» пен «Шанхайские Драконы» (40%), «Локомотив» (36,4%), «Салават Юлаев» пен «Адмирал» (33,3%) орналасқан. Тоғыздықты 25 пайыздық көрсеткіші бар Мәскеудің «Динамосы» түйіндеді.
Осылайша, «Барыс» ҚХЛ-дың дәстүрлі түрде мықты саналатын бірнеше клубын басып озып, бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или