Адриан Алонсо: «Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыны көріксіз»

Футзалдан Испания құрамасының ойыншысы Адриан Алонсо Lavozdegalicia.es басылымына берген сұхбатында Қазақстанның ойынын көріксіз деп атады.

Алонсо үшін Қазақстанмен болған матч чемпионаттағы ең қиыны болған. "Олардың ойыны - көріксіз, бірақ біз бұдан айламызды асырдық. Шын мәнінде, жартылай финал ең қиыны болды", - деп мәлімдеді Алонсо.

Сонымен қатар испан ойыншысы Еуро-2016 турниріндегі жеңіс жайлы айтып берді. Оның пікірінше, титулды жеңіп алуға командасындағы жақсы көңіл-күй себеп болған, осы арқылы олар жарақаттарына қарамастан үздік ойын көрсете алыпты. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқуға болады.

Еске салайық, Испания құрамасы Еуро-2016 жартылай финалында Қазақстан командасын жеңген болатын. Кездесу 5:3 есебімен аяқтадды. Финалда испандар Ресейді 7:3 есебімен жеңді, ал қазақстандықтар қола үшін таласта Сербия құрамасын 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или