Григорий Шамро: «Бұл нәтижеге жету үшін көп жылдар бойы еңбек еттік»

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Григорий Шамро prosportkz.kz тілшісіне берген сұхбатында Сербияда өткен Еуропа чемпионаты жайлы айтып берді.

– Еуропа чемпионатынан көп әсер алдым. Бұл сезімді түсіндіру қиын. Қола медальге қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Командамыздың барлық мүшелері елімізге үлкен сый жасады. Қуанышымызға шек жоқ!

- Турнир алдында Еуропа чемпионын ұтып, жартылай финалға шығамыз деп ойладыңыз ба?

- Біздің бастапқы мақсат – топтан шығу болды. Әр ойында Какау бізден бар күшімізді салуды сұрады. Өзімізге сене бастадық. Осылайша, турнир барысында бізді тоқтату қиын болды.

- Қазақстан құрамасы сабында ақтөбелік «Інжудің» жалғыз ойыншысы сіз болдыңыз. Батыс қазақстандық жанкүйерлер сізді қызу қолдаған шығар?

- Иә, қызу қолдау көрсетті. Жеңіспен құттықтап, үнемі жылы сөздер айтып жүрді. Сол үшін оларға өз алғысымды айтамын.

- Испанияға қарсы ойында алаңға бірінші рет шықтыңыз. Қобалжу болды ма?

- Әрине, қобалжыдым. Испания құрамасы – әлем футзалының көшбасшы командасы. Өте шебер ұжым. Бір қате жіберсең – аямайды.

- Статистикаға сүйенсек, испаниялықтар үшін ең тартысты кездесу Қазақстан құрамасына қарсы болыпты...

- Иә, Испания құрамасы финалда Ресейді еш қиындықсыз жеңді. Жалпы, чемпионат барысында испаниялықтар өте жақсы ойын көрсетті. Ал біздің тактикамыз әр қарсылас команда үшін өте ыңғайсыз. Сондықтан да испаниялықтар бізбен біраз қиналды.

- Ендігі кезек – Әлем чемпионатының плей-офф кездесулерінде. Польша құрамасын зерттеп үлгердіңіз бе?

- Жоқ әлі, зерттеген жоқпыз. Бұнымен бапкерлік құрам айналасады. Ал біз сол бапкерлердің нұсқауын орындауға тырысамыз.

- Еуропа чемпионатындағы үшінші орын кездейсоқ дейтіндер де бар...

- Кездейсоқ емес. Осы нәтижеге жету үшін біз көп жылдар бойы еңбек еттік. Енді міне біздің де уақыт келді.

- «Қайрат» пен «Астана-Тұлпардан» ұсыныстар түскен жоқ па?

- Әзірше жоқ. Егерде ұсыныс түссе, ойланамын (күледі).

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или