Серік Жаманқұлов: «Арманымызға қол жеткіздік»

Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Серік Жаманқұлов Алматыға келе салысымен prosportkz.kz сайтының тілшісіне кішігірім сұхбат берді.

- Еуропа чемпионатындағы әр ойын бізге қиын болды дей аламын. Кез келген матчтың атмосферасын сезініп, психологиялық тұрғыдан дайын болу қажет.

- Жарыс алдында қандай мақсат болды? Жүлдеге ілінеміз деп ойладыңыздар ма?

- Алдында айтып өткендей, негізгі мақсатымыз бұл жарыстағы, Қазақстанда футзал деңгейінің жоғары екендігін әлемге көрсету. Енді арманымыз болды, жүлдеге ілінсек екен деген және сол арманымызға қол жеткіздік.

- Чемпионаттың соңына дейін үздік сұрмергендер қатарында болдыңыз. Жүлденің сізге бұйырмағанына өкінбейсіз бе?

- Мұның бәрі алдағы уақытқа сабақ болды. Бір гол жетпеді, сонымен қатар нәтижелі пасты да есептейтін еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или