Наиль Нуров: «Қыркүйек айынан бастап «Қайраттың» 12 мыңдық стадионы болады»

Алматы қаласының мәдениет және спорт Басқармасының басшысы Наиль Нуров Сербиядан ұшып келген футзалшыларды құттықтап, жағымды жаңалығымен бөлісті.

- «Құраманың басым бөлігін алматылық «Қайрат» клубының ойыншылары құрайтынына қуаныштымын өз басым. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек атынан Қазақстан құрамасын, бапкерлерді, ойыншыларды осы жетістікпен құттықтап, қуанышты жаңалық айтқым келеді. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Ұлттық құрамасы мен «Қайраттың» 12 мыңдық көрерменге арналған жаңа өз стадионы болады», - дейді Нуров.

Баспасөз-мәслихатын Қазақстан футзал Қауымдастығының президенті Лев Ким аяқтады.

- «Қазақстан футзал тарихында тұңғыш рет осындай ғажайып жетістікке жеткен ойыншылар мен бапкерге алғысымды айтамын. Енді Қазақстан құрамасының осы жетістігіне қарап жүздеген өрендер футзалға қызығатын болады. Қазақстан футбол федерациясы мен жанкүйерлердің қолдауын сезінген Ұлттық құрама осындай жетістікке жетіп отыр. Батырларымызға бас иемін», - деп қорытындылады Лев Ким.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или