Какау: «Ұлттық құраманың ойыншылары нағыз батырлар»

Какау: «Ұлттық құраманың ойыншылары нағыз батырлар»
<p style="text-align: justify;"> <strong>Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін таңертең Алматы қаласына келді. Тілшілер мен жанкүйерлер Еуропа чемпионатының жүлдегерлерін күтіп алып, құттықтады.&nbsp;</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Жолдың ұзақ болғанына қарамастан Ұлттық құраманың бас бапкері Какау баспасөз-мәслихатына қатысып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.</p> <p style="text-align: justify;"> - &laquo;Ұлттық құраманың ойыншылары нағыз батырлар. Алған жарақаттарына қарамастан соңына дейін ойнап шықты. Одан бөлек, физиотерапевтер үлкен жұмыс атқарды. Барлық футзалшыларымыздың дерлік жарақаттары болды. Қақпашылар жаттықтырушысына алғыс айтамын. Бүкіл әлем бізде Игита, Шамро сияқты ең мықты қақпашылар бар екендігін көрді. Барлықтарыңызға үлкен алғысымды білдіремін&raquo;, - дейді Какау бапкер.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или