Ерлан Қожағапанов: «Алтынға бергісіз қола жүлде құтты болсын!»

Ерлан Қожағапанов: «Алтынға бергісіз қола жүлде құтты болсын!»
<p style="text-align: justify;"> <b>Қазақстан футбол федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов бүгін таңертең Еуропа чемпионатынан оралған футзалдан Қазақстан құрамасын қарсы алды.</b></p> <p style="text-align: justify;"> - &laquo;Ұлттық құрамамыз бүкіл елді қуантты. уропа чемпионатына бірінші рет шыға тұрып, бірден жүлдеге қол жеткізді. Бұл жағдай бүкіл елімізді қуанышқа кернеді. Мен, өз атымнан, бас бапкер Какау мен құрама ойыншыларына алғысымды білдіргім келеді.</p> <p style="text-align: justify;"> Қақпашымыз Игитаның ойынын ерекше атап өткім келеді. Барлық мамандар оның ойын үлгісін ерекше деп айтады. Есенаманов, Жаманқұлов, жалпы құраманың жан беріп өнер көрсеткенін атап айтсам болады. Енді күтетініміз, Польшаға қарсы Әлем чемпионатының жолдамасы үшін болатын ойын. Жігіттерге сәттілік тілеймін.</p> <p style="text-align: justify;"> Қолдау көрсеткені үшін Қайрат Оразбекұлына, Қазақстан футзал федерациясына алғысымды айтамын. Сонымен қатар, батырларымызды күтіп алған жанкүйерлерге ризалығымды білдіргім келеді. Сөзімді қорытындыласам, алтынға бергісіз қола жүлде құтты болсын!&raquo; - дейді Ерлан Қожағапанов.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или