«Ер жолдасы – тәуекел». Қазақтар ЕУРО-ның басты сенсациясы

«Ер жолдасы – тәуекел». Қазақтар ЕУРО-ның басты сенсациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Какау енгізген 5х4 тактикасы арқасында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. «PROСПОРТ» тілшісі бұл сенсациялық нәтижеге не себеп болғанын анықтап көрді.

«Жеңілуден қорықпаймыз»

Дәл осы сөздерді Какау ЕУРО-дағы Италиямен өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатында айтты. Еуропа чемпионатындағы барлық ойынымызда біз тек жеңіске ұмтылып, ешқай қарсыламыздан қорыққан жоқпыз. Тіпті азулы Италияны жарыс жолынан шығарып, Испанияны да ұтуға жақын болдық. Еуропа чемпионы атанған испандықтар үшін ең ауыр кездесу қазақтарға қарсы болды. Финалда Испаниядан оңбай ұтылған Ресей құрамасына да лайықты қарсылас бола алдық. Бір минуттың ішінде жіберілген екі гол болмаса, кім біледі бұл ойын қалай аяқталар еді. Соған қарамастан, Қазақстан құрамасы Хорватия мен Сербияны еш қиындықсыз ұтты. Ал, үздік сұрмергендер қатарына қандасымыз Серік Жаманқұлов (6 гол) енді. Серік Сербияда өткен барлық ойында көзге түсті. Қазақтар мен бразилиялықтардың үндестігін бақылау – ғанибет. Алғаш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығып, онда Еуропа чемпионын жеңіп, қола медаль алу – нағыз ерлік. Қазақстандық ойыншылардың әр матчта аянбай тер төккеніне қарағанда, бұл біздің тек алғашқы ірі жетітігіміз екенін аңғаруға болады.

«Бразилиялық қазақтар»

Сөзсіз, бразилиялық «қазақтарымыз» Какау мен Алесио және Лео, Игита мен Дуглассыз Белградта мұндай нәтиже көрсетуіміз екіталай еді. Лео мен Игита Қазақстан азаматтығын алғаннан бері футзалдан Ұлттық құрамамыз тек жоғарыға ғана ұмтылуда. Еуропа мен Әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінен сәтті өте бастадық. Жалпы, Игита – әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірі. Ал оның универсалды қақпашы екенін ескерсек – қазақтар үшін бұл нағыз «алтын олжа». Сондай-ақ, бапкерлеріміз Какау мен Алесио да өте үлкен жұмыс атқарды. Ең бастысы, бразилиялық бапкерлердің келуімен Ұлттық құрамамыздің өзіне тән стилі пайда болды. Бұл 5х4 тактикасын қолдану – яғни, Игитаның шабуылға жиі қосылуы. Игита мен Леодан кейін Қазақстан азаматтығын Дуглас та алған болатын. Оның келуімен Қазақстан құрамасын одан әрі күшейді. Сербияда өткен Еуропа чемпионатында осы бразилиялық «қазақтарымыз» еліміздің тең жарты голын соқты. Демек, осы жігіттерге Қазақстан азаматтығын берген тұлғаларға да өз алғыс айтумыз керек.

«Әміржан Мұқановтың шәкірттері»

«Тұлпар» клубы еліміздегі футзалдың дамуына қосқан үлесі зор. Әрине, «Қайратты» да ұмытпаймыз. Қазіргі Қазақстан құрамасының тең жартысы «Тұлпардың» түлектері. Пенгрин, Гребонос, Першин, Довгань, Есенаманов, Нұрғожин, Кнауб, Таку – осы ойыншылардың бәрі футзалдағы мансабын «Тұлпарда» бастады. Какау алдында Ұлттық құраманы Әміржан Мұқанов жаттықтырған болатын. Аталмыш ойыншылардың бәрі Мұқановтың қол астында біраз тәжірибе жинап, ЕУРО сынды үлкен жарыстарда ойнауға шыңдалған болатын. Сондықтан да Қазақстан футбол Федерациясы «Тұлпарды» сақтап қалу үшін бар күштерін жұмсау керек. Себебі, «Тұлпар» Ұлттық құрамаға ойыншыларды экспорттайтын негізгі клуб.

«Қайраттың» арқасында»

«Қайрат» - әлемдегі ең мықты командалардың бірі. Екі дүркін УЕФА кубогының иегері футзалдың «Барселонасы» мен «Бавариясы» деп те айтуға болады. Қазақстан құрамасының тең жартысы «Тұлпар-Астана» ойыншылары болса, қалған жартысы – «Қайраттың» мүшелері. Ұлттық құрамамыздың ЕУРО-дағы үздік бомбардирі Серік Жаманқұлов пен команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов Қазақстан құрамасының көшбасшы әрі ең тәжірибелі ойыншылары. Ал, Какау, Лео, Дуглас пен Леоны Қазақстанға шақырған Қайрат Оразбеков. Жалпы, егерде елімізде Қайрат Оразбеков сияқты спортты сүйетін тұлғалар көп болса, қазір «Қайрат» сияқты әлемге танымал бірнеше клубтарымыз болатын еді. Екі рет УЕФА кубогын жеңген Какау енді міне Қазақстан құрамасымен тұңғыш рет қатысқан Еуропа чемпионатында қола медаль еншіледі. Керемет нәтиже деп осыны айт! Бұл тек бастама – алда Колумбияда өтетін Әлем чемпионаты. Бірақ әлемдік мундиальға шығу үшін алдымен наурыз-сәуір айында Польша құрамасын жеңу қажет. Ал Сербияда көрсеткен ойынымызбен польшалықтарды ұтатынымызға өз басым сенімдімін.

«Көз алдындағы «прогресс»

Осыдан екі жыл бұрын футзалдан Қазақстан құрамасы Ұлттық құрамалар рейтингісінде тек 30-шы орындарда ғана жүрген. Ал енді жаңартылған әлемдік рейтингісінде Какауның командасы – 9-шы. Еуропа чемпионаты барысында Ұлттық құрамамыз 7 сатыға көтерілді. Әлі де көтерілуіміз мүмкін. Какау Қазақстан құрамасының тізгінін ұстағаннан бері без тек жоғарылудамыз. Бұл өте қуанышты жайт. Үлкен футболда он жылдан астам уақыт болды 100-дің ар жағында жүрміз. Ал Футзалдан Қазақстан құрамасы үздік он құрамалардың қатарына енді. Неге футболдан Ұлттық құрамамыз «екінші сортты» ресейлік футболшыларды қазақтандырғанша, Игита мен Лео сынды мықты легионерлерге мүмкіндік бермейді? Мәселен, Қазақстан құрамасына Жерар Гоу мен Рохер Каньяс сияқты көшбасшы футболшыларды неге шақырмасқа? Бәлкім, сол кезде бір өзгеріс болар...

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или