Ресми: Ислам Чесноков «Тобыл» ойыншысы атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков ресми түрде Қостанайдың «Тобыл» клубына қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қос тарап 2028 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Хартс» клубы Чесноковты сатқанын, бірақ трансфер құнын жарияламайтынын хабарлады. 26 жастағы футболшы өткен қыста Шотландияның клубына еркін агент ретінде ауысқан еді. Ол «жүректердің» сапында 11 матч өткізіп, бір гол соқты.
Бұған дейін қазақстандық футболшы «Тобыл» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан Кубогын екі мәрте, Қазақстан Суперкубогын бір мәрте жеңіп алған еді.
Максим Самородов басқа клубқа ауыса ма? Белгілі агент ойыншыға баға берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или