«Ұлытау» Беларусь футболшысы Илья Чернякпен келісім шартқа отырды

«Ұлытау» Беларусь футболшысы Илья Чернякпен келісім шартқа отырды

«Ұлытау» футбол клубы құрамын шабуылшы Илья Чернякпен толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz cайты клубтың баспасөзіне сілтеме жасап.

«Илья - Беларусь футболының түлегі. Ол кәсіби мансабында солигорлық «Шахтер», загребтік «Динамо», грозныйлық «Ахмат», «Уфа» және бірқатар өзге клубтардың намысын қорғаған.

Сондай-ақ футболшы бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп, ақтаулық «Каспий» сапында ойнаған.

Черняктың соңғы клубы Босния және Герцеговинаның «Широки Бриег» командасы болды.

Илья Беларусьтің жастар және ұлттық құрамаларында өнер көрсеткен.

Жасы: 24

Бойы: 1,84 м

Позициясы:

Шабуылшы

Ильяға «Ұлытау» сапында сәтті маусым, нәтижелі ойын және командамен бірге үлкен жетістіктер тілейміз!», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 


ҚФФ қазақстандық клубқа қатысты шешім қабылдады

«Ордабасының» бапкерлік құрамында өзгеріс орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или