Қазақстандық жас шабуылшы «Астана» ойыншысы атанды
ҚФФ академиясының тәрбиеленушісі Әнуар Төленді «Астана» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әнуар 2010 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген. Шабуыл шебінде ойнайтын жас футболшы 2025 жылы QJ League-де өзінен екі жас үлкен футболшылар бақ сынайтын U-18 командасында 8 ойынға қатысып, 7 рет мергендігімен көзге түсті. Ал биыл 7 матчта 3 гол соғып үлгерген.
Сондай-ақ ол 2009 жылы туған ойыншылардан жасақталған Қазақстан U-17 құрамасына шақырту алып, ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының біріне айналды.
Әнуардың дамуы – ҚФФ академиясында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жоғары бәсекелестік, заманауи дайындық әдістемесі және жасы үлкен қарсыластармен тұрақты түрде ойнау жас футболшылардың кәсіби деңгейін жылдам арттыруға мүмкіндік береді.
Енді Әнуар Төленді мансабын «Астана» клубының жастар командасында жалғастырады.
«Ордабасының» бапкерлік құрамында өзгеріс орын алды