«Астана» Конференция лигасында ойнамауы мүмкін

«Астана» Конференция лигасында ойнамауы мүмкін

Елордалық «Астана» клубының бұрынғы бас директоры Қайсар Бекенов клубтағы қаржылық қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

«Қазір «Астананың» еурокубоктарға қатысу-қатыспауы үлкен сұрақ болып тұр. УЕФА тарапынан қаржылық есепке және футболшылар алдындағы қарыздардың болмауына қатысты қатаң талаптар мен нақты мерзімдер белгіленген. Егер клуб маусым айының соңына дейін салық пен негізгі құрам ойыншыларының жалақы мәселесін шеше алмаса, онда Конференция лигасына қатыспауы мүмкін.

Бұған дейін мұндай тексерістерден қосымша қаржы көздерін тарту арқылы өтіп келгенбіз. Бірақ қазір клубтың қарызды жабу үшін қаражат тарту мүмкіндігі толығымен таусылған.

Меніңше, «Астананың» еурокубоктардан шеттетілуі тек клубқа ғана емес, жалпы Қазақстан футболының беделіне кері әсер етеді. Бұл ел имиджіне де тікелей соққы болмақ», – деді Бекенов.

Айта кетейік, елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығу үшін албаниялық «Динамо Ситимен» күш сынасады. Алғашқы кездесу 2026 жылдың 9 шілдесінде Тиранада, қарымта матч 16 шілдеде Қазақстанда өтеді.

ҚПЛ: 15-тур ойындарына төрешілер тағайындалды

Димитар Митков ресми түрде «Ордабасыдан» кетті

18 жастағы қазақ футболшысының бағасы бес есе өсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или