Transfermarkt сайты ҚПЛ-дағы ең қымбат 10 футболшының тізімін жаңартты
Transfermarkt сайты Қазақстан Премьер-лигасының футболшыларының нарықтық құнын жаңартты, чемпионаттағы ең қымбат он ойыншының қатарында өзгеріс тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев рейтингтің басында тұр. Оның бағасы тағы 500 000 еуроға өсіп, лигадағы рекордтық 3,5 миллион еуроға жетті.
«Астананың» 24 жастағы босниялық халықаралық ойыншысы Иван Башич екінші орында, бағасы 1,5 миллион еуроға жетті. Елордалық клубтың 18 жастағы вингері Мақсат Абраев үшінші орынға көтерілді. Құны 800 000 еуроға өсіп, бағасы 1 миллион еуроға жетті. Осылайша, Мақсаттың әлемдік футболдағы бағасы бес есеге өсті.
ҚПЛ-дың ең қымбат 10 ойыншысы:
1. Дастан Сәтпаев («Қайрат», 17 жаста) - 3,5 миллион еуро (+500 мың);
2. Иван Башич («Астана», 24 жаста) - 1,5 миллион (+300 мың);
3. Мақсат Абраев («Астана», 18 жаста) - 1 миллион (+800 мың);
4. Гай-Марселин Килама («Ордабасы», 27 жаста) - 1 миллион;
5. Жоржиньо («Қайрат», 28 жаста) – 1 миллион (+200 мың);
6. Пабло Альварес («Ақтөбе», 29 жаста) - 1 миллион (-200 мың);
7. Бранимир Калайца («Астана», 28 жаста) - 900 мың;
8. Әлібек Қасым («Астана», 28 жаста) - 850 мың еуро (+100 мың);
9. Темірлан Анарбеков («Қайрат», 22 жаста) - 800 мың (+400 мың);
10. Даниэль Соса («Ақтөбе», 27 жас) – 800 мың.
Димитар Митков ресми түрде «Ордабасыдан» кетті