ҚПЛ төрешісін Астана әуежайында полиция қызметкерлері алып кетті

ҚПЛ төрешісін Астана әуежайында полиция қызметкерлері алып кетті

Семейде өткен ҚПЛ 13 туры аясында «Елімай» – «Ордабасы» матчының бас төрешісі Арман Исмуратовты Астана халықаралық әуежайынан полиция қызметкерлері күтіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қауіпсіздік қызметкерлерінің оны қандай мақсатта алып кеткені әзірге ресми түрде хабарланған жоқ.

Мачтан кейін әлеуметтік желіде «Елімай» жанкүйерлерінің Абай облысының әкімі Берік Уәлиге ресми шағым түсіргені жөнінде ақпарат жарияланған. Шағымда матчтағы төрешілік қана емес, Арман Исмуратовтың ойыннан кейін айтқан балағат, дөрекі сөздері және алдағы уақытта матчтармен қорқытуы да көрсетілген.

Кездесуден кейін «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович төрешінің әрекетіне қатысты қатаң мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Арман Исмуратов өзіне қатысты орынсыз сөздер айтып, матч аяқталғаннан кейін де қорқыту сипатындағы сөздер қолданған.

Бұған дейін де аталған төрешінің аты даулы жағдайлармен байланысты болған еді. Енді «Елімай» жанкүйерлері мен футбол мамандары төрешінің әрекетіне қатысты ресми баға берілуін талап етуде.

Әзірге құқық қорғау органдары мен Қазақстан футбол федерациясы тарапынан ресми түсініктеме жарияланған жоқ.

«Ордабасы» сырт алаңда «Елімайды» ұтты

ҚПЛ-ға тағы бір бразилиялық футболшы келді

Астаналық клуб қатарына жаңа шабуылшы қосылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или