1XBET - ставки на спорт

«Ертіс» бразилиялық футболшымен толықты

«Ертіс» бразилиялық футболшымен толықты

Павлодарлық «Ертіс» сапына бразилиялық ойыншы Лукас Рамос қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz cайты клубтың баспасөзіне сілтеме жасап.

«31 жастағы тірек жартылай қорғаушысы біздің командаға Польшаның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Одра Ополе» клубынан ауысып келді. Өткен 2025/26 жылғы маусымда ол 25 матч өткізіп, 2 голдың авторы атанды. Кәсіби мансабы барысында бразилиялық футболшы Грекия, Албания, Кипр, Индонезия және Польша чемпионаттарында өнер көрсетіп, «Аполлон Лариса», «Ламия», «Фламуртари», «Лячи», «Вероя», ПАЕК, «Дева Юнайтед», «Отеллос Атиену», «Котвица» және «Одра Ополе» клубтарының намысын қорғады.

Лукас алаң ортасында бірнеше позицияда ойнай алатын әмбебап футболшы. Бойы 187 сантиметр болатын жартылай қорғаушы халықаралық деңгейде мол тәжірибеге ие. Мансабы барысында ол Еуропа чемпионаттары мен еурокубоктарды қоса алғанда, 150-ден астам ресми матч өткізген.

Павлодарға қош келдің, Лукас! Сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «Ертіс» ҚПЛ турнир кестесінде тоғыз ұпаймен 14-ші орында тұр. Команданың келесі ойыны бүгін, 14 маусымда «Астанаға» қарсы өтеді.


«Қайрат» өз алаңында «Атыраумен» тең ойнады

«Астана» ойыншысы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткзді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или