1XBET - ставки на спорт

«Астана» ойыншысы әлем чемпионатында өз құрамасының алғашқы голына үлес қосты

«Астана» ойыншысы әлем чемпионатында өз құрамасының алғашқы голына үлес қосты

Әлем чемпионатының алғашқы турында бірі Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары 1:1 есебімен тең тарқасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚПЛ ойыншысы Иван Башич өз құрамасының алғашқы голына үлес қосты. Ол орындаған бұрыштамадан кейін Йово Лукич есеп ашты. 21-минутта Йово Лукич Босния мен Герцеговинаны алға шығарса, 78-минутта Кайл Ларин таразы басын теңестірді. Бұл 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы тең нәтиже.

«Астананың» жартылай қорғаушысы Иван Башич матчты негізгі құрамнан бастап, 62-минутта алаңнан кетті. 24 жастағы футболшы Әлем чемпионатына қатысқан алғашқы ҚПЛ ойыншысы атанды.

Енді олар келесі ойынын Швейцарияға қарсы өткізеді (18 маусым). 

«Астананың» бас директоры қызметінен кетті

Жас қазақстандықтарға Еуропадан қызығушылық бар

«Барселона» тәрбиеленушісі ҚПЛ-да мансабын жалғастырады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или