«Ордабасыға» шетелдік бапкер келді

«Ордабасыға» шетелдік бапкер келді

Шымкенттік «Ордабасы» клубы бапкерлер құрамына румыниялық маман Влад Никоарэ қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңа маман командада дене даярлығы жөніндегі бапкер қызметін атқарады.

Влад соңғы жылдары Румыния U-21 құрамасының бапкерлер штабында еңбек етіп, 2021, 2023 және 2025 жылдары өткен Еуропа чемпионаттарының финалдық кезеңдерінде командамен бірге жұмыс істеді.

Клубтық мансабында Румынияның «УТА», «Волунтари» және «Политехника Тимишоара» клубтарында қызмет атқарды. Сондай-ақ Румыния әйелдер ұлттық құрамасы мен «Политехника Тимишоара» академиясында да еңбек етті.

Влад Никоарэмен бірге дене даярлығы жөніндегі бапкер Луиз Альберто да өз қызметін жалғастырады.

ҚПЛ: 15-тур ойындарына төрешілер тағайындалды

Димитар Митков ресми түрде «Ордабасыдан» кетті

18 жастағы қазақ футболшысының бағасы бес есе өсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или