Әлем кубогы: Қазақстандық ескекшілер қола жүлдегер атанды

Әлем кубогы: Қазақстандық ескекшілер қола жүлдегер атанды

Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем кубогының 3-кезеңінде Қазақстан қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz

Жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді. 

А финалындағы жүлделі орындар мен уақыт көрсеткіштері келесідей:
1-орын: Жапония (Чика Йонэзава, Чиаки Томита) 07:14.74 секунд
2-орын: Перу (Алессия Паласиос, Валерия Паласиос) ' 07:18.51 секунд
3-орын: Қазақстан (Екатерина Носкова, Мария Чернец) - 07:21.91 секунд

Мұнда төртінші орынды 07:30.60 уақыт көрсеткішімен Гонконг құрамасы місе тұтты.​

Қазақ ескекшілер - Екатерина Носкова мен Мария Чернец әлемдік деңгейдегі бәсекелестерімен соңына дейін таласып, Гонконг спортшыларынан айтарлықтай (шамамен 9 секундқа) озып кетіп, тұғырдан көрінді.

Тағы бір отандасымыз Артём Матусевич жекелей сында А финалында 7-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, әлем кубогы 28 маусымда мәресіне жетеді. Жарыста 42 елдің 650-ден астам өкілі жүлдеге таласып жатыр. Қазақстан командасы сапында 5 спортшы аттанды (Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Артём Матусевич, Мария Чернец, Екатерина Носкова).

Екі қазақстандық спортшы батуттағы гимнастикадан әлем кубогының финалына шықты

United States Smash турниріне қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды

Олимпиада ойындарының әрбір қатысушысы қомақты сыйақы алады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или