Турнирдің үздік ойыншысы атағын Team Falcons мергені Илья m0NESY Осипов иеленді
HLTV IEM Cologne Major 2026 турнирінің қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен ойыншылардың (EVP) тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің ең құнды ойыншысы (MVP) атағын Team Falcons мергені Илья m0NESY Осипов иеленді. Бұл оның мансабындағы жетінші MVP жүлдесі болды.
MVP-ден кейінгі үздік ойыншылар қатарына Максим kyousuke Лукин, Никола NiKo Ковач, Данил donk Крышковец және Матье ZywOo Эрбо енді.
Сонымен қатар EVP атағына Данил molodoy Голубенко, Марэк YEKINDAR Галинскис, Никита HeavyGod Мартыненко, Дмитрий sh1ro Соколов, Юрий yuurih Сантуш және Али Wicadia Ялчин лайық деп танылды.
Айта кетелік, IEM Cologne Major 2026 турнирінің чемпионы атанған Team Falcons финалда FURIA Esports командасын 3:0 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или