FURIA ойыншысы команда ішіндегі қарым-қатынас туралы қалжыңдады
FURIA Esports клубының YouTube арнасындағы видеода Марэк YEKINDAR Галинскис Данил molodoy Голубенкодан команда ішіндегі қарым-қатынас пен мәдени айырмашылықтар туралы сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz. Алғашында мерген командаластарын жақсы адамдар деп сипаттады. Кейін YEKINDAR оған «шындықты» орыс тілінде айтуды ұсынып, бразилиялықтар түсінбей қалады деп әзілдеген. Осыдан кейін molodoy күліп отырып, командадағы үш бразилиялық ойыншы туралы қалжың сөз айтқан. Видео үзіндісі кейін әлеуметтік желілер мен CS2 қауымдастығында тез тарап кетті. Жанкүйерлердің басым бөлігі бұл сөздерді команда ішіндегі достық әзіл ретінде қабылдады. Бұған дейін molodoy капитан Габриэль FalleN Толедо мансабын аяқтау туралы шешімін командаға соңына дейін айтпағанын да бөліскен еді.