TORONTOTOKYO OG құрамына жалға берілді

TORONTOTOKYO OG құрамына жалға берілді

«Aurora Gaming» клубы офлейнер Александр TORONTOTOKYO Хертектің «OG» құрамына жалға берілгенін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін «OG» Никко Nikko Билокурды белсенді құрамнан шығарып, негізгі ростерде орын босатқан еді. Филиппиндік ойыншы команда сапында 2025 жылдың қарашасынан бері өнер көрсетіп, BLAST Slam VI турнирінде 3–4 орын алды, ал ESL One Birmingham 2026 жарысында топтан шыға алмады.

Ал «Aurora Gaming» TORONTOTOKYO-ның негізгі құрамнан кеткенін 7 қаңтарда жариялаған болатын. Ол клуб намысын 2025 жылдың ақпанынан бері қорғап келген. Оның орнын құрамда Чунг Ws Вей Шен басты.

TORONTOTOKYO-ның «OG» сапындағы алғашқы ойыны DreamLeague Season 29 турниріне іріктеу кезеңінде өтуі мүмкін. Іріктеу матчтары 12–14 сәуір аралығында онлайн форматта ұйымдастырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или