Қазақстандық стример karrigan-ның командаға пайдасын айтты
Кәсіби ойыншы әрі стример Алмаз almazer Ассадулин PGL Astana 2026 турниріндегі Team Falcons командасының ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, Финн karrigan Андерсеннің келуі команда үшін күшейту болып саналады. almazer дат ойыншысын kyxsan-мен салыстырып, karrigan-ды өте сауатты капитан деп атады.
Стримердің пікірінше, Falcons құрамында раундтарды соңына дейін дұрыс ойнай алмау мәселесі болған және команда жиі қателескен. Ол karrigan осы проблемаларды реттей алады деп есептейді. Сонымен қатар Ассадулин жаңа капитанның келуі ұжым ішіндегі атмосфераға да оң әсер етеді деді.
Дегенмен almazer karrigan-ның жеке ойынын оның ең мықты қыры деп санамайтынын жасырмады. Соған қарамастан, дат капитанының тәжірибесі мен ойын құрылымын қалыптастыру қабілеті Falcons-қа бұрын жетіспеген нәрсені береді деп отыр.
Бұдан бөлек, стример PGL Astana 2026 турнирінде топтық кезеңді 3:0 нәтижесімен аяқтаған 9z Team командасының ойынын ерекше атап өтті. Ол мұны үлкен серпіліс деп бағалады. Алайда плей-оффта қарсыластар команда стилін зерттеп үлгергендіктен, 9z Team-ге қиын болатынын айтты.