Қазақстандық клуб қатары нигериялық қорғаушымен толықты

Қазақстандық клуб қатары нигериялық қорғаушымен толықты

«Ертіс» футбол клубы нигериялық орталық қорғаушы Самуэль Опемен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде павлодарлық команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

27 жастағы футболшы кәсіби мансабын Нигерияның «Warri Wolves» клубында бастаған. Өз мансабында бірнеше елдің чемпионаттарында өнер көрсетіп, мол халықаралық тәжірибе жинақтады. Самуэль Опе әр жылдары Өзбекстанның «Актепа» және Ташкенттің «Локомотив», Албанияның «Лачи», сондай-ақ Косовоның «Малишева» клубтарының намысын қорғады.

2023 жылы «Локомотив» (Ташкент) сапында Өзбекстан Про-лигасының жеңімпазы атанып, команданың жоғары дивизионға жолдама алуына үлес қосты. Сонымен қатар Нигерияның жасөспірімдер құрамасына шақырылған.

Ганалық футболшы қазақстандық клубқа ауысады

Қазақстандық футболшы ұзақ үзілістен кейін қатарға қосылды

18 жастағы қазақ футболшысының бағасы бес есе өсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или