Ганалық футболшы ҚПЛ клубына қосылады
Ақтаулық «Каспий» трансферлік нарықта белсенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спорт журналисі Эльдар Аманбаевтың ақпараты бойынша, ақтаулық клубтың құрамын жақын арада 21 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Дэвид Эптон толықтырады. Футболшы Гананың «Маунтайнерс» клубының тәрбиеленушісі. 2024 жылы Эптон Еуропаға қоныс аударып, Эстонияның «Таммек« командасымен келісімшартқа отырған.
Эстонияда өнер көрсеткен кезде жартылай қорғаушы барлық турнирде 53 матч өткізіп, ересектер деңгейінде алғашқы ойын тәжірибесін алды.
Қазақстандық футболшы ұзақ үзілістен кейін қатарға қосылды
18 жастағы қазақ футболшысының бағасы бес есе өсті
Димитар Митков ресми түрде «Ордабасыдан» кетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или