Испания Еуропаның жеті дүркін чемпионы атанды

Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Ресейді 7:3 есебімен тізе бүктірді.

Кездесу есебін 9-минутта испаниялық ойыншы Алекс ашқан. Бұл голдан кейін ресейліктер допқа көбірек иелік етті, бірақ өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Нәтижесінде испаниялықтар таймның аяқ жағында Густаво қақпасына жауапсыз үш гол тоғытты. Бұл үш голды соғу үшін Пиреней түбегінің өкілдеріне бір жарым минут қана жеткілікті болды. Ал үзіліске 5 секунд қалғанда Ромуло есеп айырмасын қысқартты.

Екінші таймда екі команда да қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Ресей құрамасы алаңға бесінші ойыншысын шығарған, бірақ өз қақпасына гол жіберіп алды. Артынша Робиньо Ресей құрамасының екінші голын соқты. Ресейліктер таразы басын теңестіруге ұмтылғанымен, Испания футзалшылары өз басымдықтарын сақтап отырды. Қорытынды есеп - 7:3, Испания жеңіске жетті.

Осылайша, Испания құрамасы Еуропаның жеті дүркін чемпионы атанды, ал ресейліктер қатарынан үшінші рет күміс жүлдені қанағат тұтпақ.

Еуропа чемпионаты.

Финал

Ресей 3:7 Испания

Голдар: Ромуло (20), Робиньо (32), Милованов (40) – Алекс (9), Пола (16, 17), Марио Ривильос (17, 36), Мигелин (31, 35)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или