Чинонсо Оффор алдағы уақытта «Ақтөбеге» қосылуы мүмкін

Чинонсо Оффор алдағы уақытта «Ақтөбеге» қосылуы мүмкін

Калининградтың «Балтика» командасында ойнайтын нигериялық шабуылшы Чинонсо Оффор алдағы трансферде «Ақтөбеге» қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист Анар Ибрагимованың айтуынша, «Ақтөбе» клубы 24 жастағы шабуылшыны жалға алуды қарастырып жатыр. Футболшының өзі мансабын Қазақстанда жалғастыруға қарсы емес екені, онда ол португалиялық жұлдыз Луиш Нанимен бір командада ойнай алатыны хабарланды.

2024/25 маусымында Оффор барлық жарыстарда 30 ойын өткізіп, бес гол соқты. Нигериялық мансабында Кипр, Латвия, АҚШ және Болгария чемпионатында да ойнады.

Қазақстан Премьер-лигасының 14 турынан кейін «Ақтөбе» 22 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұр.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или