Сау бол, Сербия. Қоламыз қолда

Сау бол, Сербия. Қоламыз қолда

Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы «ертегісі» жалғасын тапты. Сербия елінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін болған кездесуде Ұлттық құрамамыз алаң иелерін 5:2 есебімен тас-талқан етті.

Алаң иелері жартылай финалда Ресей құрамасына есе жіберсе, Какау шәкірттері негізгі құрамның ойыншыларынсыз Испания құрамасына қарсы тартысты ойында 5:3 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен де, дебюттік турнирінде үздік үштікке ілініп, тарих бетінде қалуға мүмкіндігі бар еді.

Жартылай финалда Ұлттық құрамаға көмектесе алмаған Игита бүгінгі матч алғашқы минуттардан алаңға шықты. Бірінші кезең қос команданың бір-бірін зерттеуімен өтті. Шабуыл саны көп болғанмен, аса қауіптілері бола қойған жоқ. Бірде Игита қақпасын голдан құтқарып жатса, енді бірде Аксентиевич Қазақстан құрамасының ойыншыларына есеп ашуға мүмкіндік бермеді. Алайда, алғашқы таймның аяқталуына бірер секундтар қалғанда Леодан пас алған Дуглас матчтағы бірінші голды соқты.

Екінші тайм бастала салысымен, Серік Жаманқұлов алаңның сол қапталымен өтіп, Аксентиевич қорғаған қақпадан саңылау таба білді. 10 минут өтісімен дәл осы траекториядан Дуглас есепті еселей түсті. Үш бірдей гол жіберіп, есеңгіреп қалған алаң иелері мәжбүрлі түрде қақпашының орнына бесінші ойыншыны шығарды. Алайда бұл тактика нәтиже бере қоймады, керісінше, Игита бос қалған қақпаны дәл көздеп есепті 4:0-ге жеткізді. Көзді ашып-жұмғанша Дуглас хет-трик авторы атанды. Есеп – 5:0. Алайда, алаң иелері қазақстандық футзалшылардың сәл босаңсып қалғанын сәтті пайдаланды. Айналдырған екі минутта Игита торауылдаған қақпаға қос гол соғылды. Дегенмен де, Сербия футзалшыларының бұдан артыққа күші де, уақыты да жетпеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы өзінің алғашқы Еуропа чемпионатында сенсация жасап, қола жүлдегер атанды.

Еуропа чемпионаты. Қола жүлде үшін матч

Сербия - Қазақстан 2:5 (0:1)

Голдар: Дуглас 19, 29, 33, Жаманқұлов 21, Игита 31, Ракич 37, Райчевич 39

Сербия: Аксентиевич, Перич, Яньич, Коцич, Райчевич – Момчилович, Живанович, Лазич, Ракич, Симич, Пршич, Радованович, Милоевич

Қазақстан: Игита, Довгань, Лео, Дуглас, Жаманқұлов – Шамро, Першин, Сүлейменов, Гребонос, Кнауб, Пенгрин, Таку, Нұрғожин, Есенаманов.

Ескертулер: Перич 22, Лазич 23

Төрешілер: Паскаль Лемаль (Бельгия), Камил Четин (Түркия)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или