ҚПЛ: «Тобыл» турнир кестесінде төмен түсті
Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы ҚПЛ-дың 14-ші турында Қостанайдың «Тобылын» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қонақтардың жартылай қорғаушысы Марко Вукчевич матч басында есеп ашты. Үзіліске аз уақыт қалғанда Папе-Алоун Ндиайе алаңнан қуылып, «Тобыл» он адаммен қалды.
Екінші таймда алаң иелері сандық артықшылығын пайдаланды. Алдымен Жансұлтан Мұхаметханов басымен дәл соққы жасап, есепті теңестірді. Кейін алаң қожайындарының екінші добын да Жансұлтан соқты. «Оқжетпес» 2-1 есебімен жігерлі жеңіске жетті.
Көкшетау клубы 27 ұпай жинап, ҚПЛ турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. «Тобыл» 12 ұпаймен 13-ші орында тұр.
Ислам Чесноков мансабын «Тобыл» клубында жалғастырады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или