Ислам Чесноков мансабын «Тобыл» клубында жалғастырады

Ислам Чесноков мансабын «Тобыл» клубында жалғастырады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков мансабын қайтадан Қостанайдың «Тобыл» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы вингер бұған дейін де қостанайлық команда сапында өнер көрсеткен. Өткен қыста ол Шотландияның «Хартс» клубына ауысқан болатын.

Эдинбург командасының құрамында Чесноков Шотландия чемпионатында 10 матч өткізіп, бір гол соқты. Маусым қорытындысы бойынша «Хартс» ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Қазіргі таңда «Тобыл» Қазақстан Премьер-Лигасының 13 турында 12 ұпай жинап, турнир кестесінің 13-орнында тұр.

Талғат Байсуфинов қызметінен кетті

«Қайсар» Айбол Әбікенмен қоштасты

Қазақстандық клуб легионерлерін шығарып салды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или