Камару Усман шілдеде октогонға шығады
UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усман келесі жекпе-жегін орта салмақтағы экс-чемпион Дрикус дю Плессиге қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Ұйым бұл кездесудің 19 шілдеде АҚШ-тың Оклахома-Сити қаласындағы Paycom Center аренасында өтетін UFC Oklahoma City турнирінің басты оқиғасы болатынын ресми түрде жариялады.
Усман үшін бұл жекпе-жек ерекше маңызға ие. «Нигериялық қорқыныш» орта салмаққа көтеріліп, UFC тарихындағы екі дивизионда чемпион атанған файтерлер қатарына қосылуды көздеп отыр.
Соңғы кездесуінде Усман Хоакин Баклиді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, төрт жылға жуық уақыттан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или