Әлем кубогының финалындағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды
Ертең, 21 маусым күні бокстан Қытайдағы әлем кубогының финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгінгі жартылай финалдық жекпе-жектерде жеңіске жеткен бес қазақстандық боксшының ақтық сындағы қарсыластары анықталды.
Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 09:00)
2-жұп. 54 келі.
Назым Қызайбай - Сирине Чарааби (Италия, Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері).
Өзара кездеспеген. Италия боксшысы сәуір айында ғана Финляндиядағы халықаралық турнирде Жайна Шекербековаға есе жіберген.
3-жұп. 60 келі.
Виктория Графеева - Лин Юй-Тин (Тайпей, Париж Олимпиадасының чемпионы).
Өзара кездеспеген. Тайпей өкілі Қазақстаннан Карина Ибрагимовамен 4 мәрте және Назым Қызайбаймен шаршы алаңда жолыққан.
6-жұп. 70 келі.
Абылайхан Жүсіпов - Дипак (Үндістан).
Өзара кездеспеген. Үндістан боксшысы 2026 жылдың басында Испаниядағы Boxam халықаралық турнирінің финалында Төрехан Сабырханнан жеңілген.
Кешкі сессия (Қазақстан уақытымен 15:30)
1-жұп. 50 келі.
Санжар Тәшкенбай - Асилбек Жалилов (Өзбекстан, Азия чемпионы).
Отандасымыз 2022 жылы Азия чемпионаты және 2024 жылы «Странджа» турнирінде басым түскен.
6-жұп. +90 келі.
Айбек Оралбай - Никита Путилов (Германия).
2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогының финалында жолығып, Айбектің мерейі үстем болған.
Әлем кубогы: Жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды