WTA турнирінің 1/8 финалының кезекті матчы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 18 маусым күні Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің 1/8 финалында филиппиндік Александра Эаламен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл Рыбакина үшін турнирдегі алғашқы матч болмақ. Ал Эала бірінші айналымда хорватиялық Донна Векичті 7:5, 6:4 есебімен жеңіп үлгерді.
Берлиндегі WTA турнирінің жүлде қоры 1,2 миллион еуродан асады. Жарыс жеңімпазы 161 310 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетелік, матч Қазақстан уақыты бойынша 20:30-да басталады. Турнирдің басты фавориті – әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко, ал Рыбакина жарысқа екінші нөмірмен тіркелген.
Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или