Арман Смаилов ресми түрде «Тұранға» ауысты

Арман Смаилов ресми түрде «Тұранға» ауысты

Қазақстандық шабуылшы Арман Смаилов «Тұранмен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Арман - Павлодар футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 2014 жылы «Ертіс» сапында бастаған. Әр жылдары «Ертіс», «Ақжайық», «Екібастұз», «Ақсу» және «Елімай» клубтарының намысын қорғады.

2024 жылғы маусымда туған клубына оралып, екі маусымда 33 гол соғып, павлодарлық команданың Премьер-лигаға жолдама алуына зор үлес қосты.

Жалпы кәсіби мансабында Арман 93 голдың авторы атанды. Тәжірибесі мол, шеберлігімен талай жеңіске жол ашқан шабуылшыны командамызда қарсы алғанымызға қуаныштымыз.

Қош келдің, Арман! Көк жейдеде жарқын жеңістер мен көп голдар тілейміз!» - деп жазылған түркістандық клубтың инстаграмдағы парақшасында


«Қайрат» – «Қызылжар» матчына төрешілер тағайындалды

ҚПЛ төрешісін әуежайдан полиция күтіп алды

ҚПЛ-ға тағы бір бразилиялық футболшы келді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или