Аян Байдәулетов мансабын басқа клубта жалғастырады

Аян Байдәулетов мансабын басқа клубта жалғастырады

«Ақтөбе» футбол клубының жас жартылай қорғаушысы Аян Байдәулетов өзара мәміле аясында команда сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz cайты клубтың баспасөзіне сілтеме жасап.

«20 жастағы түлегіміз QJ League жасөспірімдер турнирінің 2023 жылғы маусымында танылып, бір гол соқты және бес нәтижелі пас шығарды. Келесі жылы “Ақтөбенің” негізгі құрамымен бірге Лига Кубогінде дебют жасаса, былтыр ҚПЛ-да ойнау бағы бұйырды. Сондай-ақ Бірінші лигада Аян «Ақтөбе» жастар командасымен бірге елуге жуық матчқа қатысып, бес гол мен бір голдық пастың авторы атанды. Байдәулетов «Ақтөбенің» бас құрамында барлық турнирлерде жалпы саны 23 матч ойнап, бір дәл соққысымен және үш нәтижелі пасымен көзге түсті.

Аянға бірлесе өткен дара жол үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейміз», - деп жазылған клубтың инстаграмдағы парақшасында. 


ҚПЛ-ға тағы бір бразилиялық футболшы келді

«Қайрат» өз алаңында «Атыраумен» тең ойнады

«Астана» ойыншысы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткзді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или