Қазақстандық файтер өзбекстандық дебютанттан жеңіліп қалды
Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 87 турнирі аясында Қазақстан мен Өзбекстан файтері кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта Нұрдәулет Серқұлов (1-0) пен өзбекстандық дебютант Бекзодбек Раджаббаевпен кездесті.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, өзбекстандық дебютант Бекзодбек Раджаббаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Кештің басты оқиғасы тәжікстандық Фазлиддин «Карим» Мадрахимов (16-6-1) пен өзбекстандық Мухиддин Мамажонов (9-1-1) арасындағы уақытша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек болады.
Айта кетейік, негізгі жекпе-жекте ауыр салмақтағы титул үшін қазақстандық Айбек Ерметов (5-0) өзбекстандық Азамат Нуфтиллаевпен (13-2-1) кездеседі.
OCTAGON турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 86 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
Қазақстандық файтер Ташкентте өткен жекпе-жекте жеңіліс тапты
Қазақстандық файтер OCTAGON 87 турнирінде керемет камбэк жасады