Футболшының трансферлік құны қанша?
Шабуылшы Бақдәулет Зүлфиқаров Жезқазғанның «Ұлытау» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ұлытау» шабуыл шебін тәжірибелі футболшымен толықтырды. Бақдәулет Зүлфиқаров маусымның алғашқы бөлігінде Ақтаудың «Каспий» клубында өнер көрсетті.
Ол осы кезеңде 13 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Футболшының жасы – 25-те. Бойы – 1,96 метр. Алаңдағы негізгі орны – шабуылшы.
Зүлфиқаров биыл қаңтар айында «Тұраннан» «Каспийге» ауысқан болатын. Қазақстан чемпионатының алғашқы бөлігінде ол 12 матч өткізіп, екі мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді және бір голдық пас авторы атанды.
Айта кетелік, футболшының трансферлік құны шамамен 75 мың еуроға бағаланып отыр.
«Қайсар» сапына қазақстандық қорғаушы қосылды