Ислам Чесноков «Ордабасы» ойыншысы атануға жақын
Қазақстан ұлттық құрамасы мен Шотландияның «Хартс» клубының вингері Ислам Чесноков Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Белгілі қазақстандық инсайдерлердің мәліметінше, шымкенттік «Ордабасы» мен Ислам Чесноков толықтай келісімге келген. Бірақ, келісімшарт туралы нақты ақпарат жоқ. Жалға келеді ме, әлде толықтай сатып алады ма, белгісіз.
Алайда, шотландиялық клуб Қазақстан құрамасының ойыншысын 200 мың долларға (100 миллион теңгеден аз) сатуға дайын.
Ал 26 жастағы футболшының бұрынғы клубы «Тобыл» болса футболшыны «Хартстан» жалға алу үшін өтемақы төлегісі келмей отыр.
«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Қазақстанға оралды
Қазақстан құрамасы он футболшымен Венгрияға есе жіберді
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын кестесі жарияланды