Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын кестесі жарияланды
Футболдан UEFA Ұлттар лигасы 2026/2027 жылғы маусымындағы Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске сала кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері С лигасы үшінші тобында Словакия, Молдова және Фарер аралдарымен сынға түседі.
Қазақстандық футболшылар алғашқы ойынын 26 қыркүйекте өткізсе, соңғы тур 16 қарашаға жоспарланған.
Ойындар кестесі:
- 26 қыркүйек. 21:00. Фарер аралдары - Қазақстан
- 29 қыркүйек. 23:45. Словакия - Қазақстан
- 2 қазан. 19:00. Қазақстан - Молдова
- 6 қазан. 19:00. Қазақстан - Фарер аралдары
- 13 қараша. 22:00. Молдова - Қазақстан
- 16 қараша. 20:00. Қазақстан - Словакия.
Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.
Қазақстанның FIFA рейтингіндегі орны өзгерді
Қазақстан құрамасы он футболшымен Венгрияға есе жіберді
Ең көп гол, үздік сұрмерген. Қазақстан U19 өз тобында нәтижелі өнер көрсетті