Боатенг: «Көпшілік алдында Мессиді таңдадым, бірақ Роналдуны үздік санаймын»
Бұрынғы «Барселона» ойыншысы Кевин-Принс Боатенг мансабындағы қызық жағдайды айтып берді. Оның сөзінше, ол ресми сұхбаттарда Лионель Мессиді ең үздік деп атауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боатенгтің айтуынша, «Барселона» клубына ауысу кезінде одан команда мен Мессиді мадақтайтын жауап айту талап етілген. Сол себепті ол көпшілік алдында өз пікірін өзгерткен.
Алайда ол шын мәнінде Криштиану Роналдуға көбірек тәнті екенін және португалиялық шабуылшыны ең мықты ойыншы деп есептейтінін жасырмады.
Айта кетелік, аталмыш мәлімдеме футбол жанкүйерлері арасында қызу талқы тудырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или