Қазақстан әйелдер құрамасы Армениямен тең тарқасты

Қазақстан әйелдер құрамасы Армениямен тең тарқасты

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы соңғы матчын өткізді. Армения құрамасына қарсы өткен сырт алаңдағы кездесу тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Алаң иелері бірінші таймда есеп ашты – 35-минутта Светлана Карагезян мергендік танытты. Үзілістен кейін Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. Нәтижесінде кездесудің 70-минутында Әмина Бибосынова дәл соққымен есепті теңестірді. Ойынның соңында қос команданың да шабуылдауға тырысқанына қарамастан, төрешінің ысқырығы 1:1 есебін тіркеді.

Армения W – Қазақстан W – 1:1

Гол соққандар: Карагезян 35 – Бибосынова 70

Армения W: Погосян (Қ), Карагезян, Шихшабекова (Далакян 59), Газарян (Карапетян 74), Тэйлор, Алексанян (К) (Казанчян 88), Чолакян, Сафарян (Хачатрян 88), Казачян, Асатрян, Пизлова;

Қосалқы құрам: Сарданян (Қ), Бабаян (Қ), Восканян, Нерсесян, Костанян, Саядян, Бадалян, Мартиросян;

Бас бапкер: Мариям Степанян.

Қазақстан W: Исмаилова (Қ), Бурова, Власова, Мясникова (К), Низамутдинова (Демидова 84), Бабшук, Хайруллина, Нұрышева, Гайстенова (Садықова 65), Норбаева (Бибосынова 58), Тұрлыбекова (Мамырова 84);

Қосалқы құрам: Портнова (Қ), Зейнали (Қ), Шустова, Сұңкарова, Набокова, Жұмабайқызы, Сатығалиева, Ирисметова;

Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева.

Төрешілер: Сан Хуан, Акоста, Симарро (барлығы – Грекия), Андерсон (Аустрия)

5 маусым, 2026 жыл. АФФ академияның стадионы, Ереван (Армения).

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде жоғарылады

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы екі матчын өткізеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или