Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы екі матчын өткізеді

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы екі матчын өткізеді

Дастан Сатпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау» және «Қызылжар» командаларына қарсы өтетін өз алаңымыздағы матчтарға билет сатыла бастады.

Біздің түлегіміз үшін бұл кездесулер лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» құрамындағы соңғы ойындар болмақ.

Билетті Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларынан сатып алуға болады. Сатып алмас бұрын қосымшалардың соңғы нұсқасына жаңартылғанын тексеру қажет.

13 маусым (сенбі) | 18:00

«Қайрат» — «Атырау»

17 маусым (сәрсенбі) |

19:00 «Қайрат» — «Қызылжар»

«Қызылжарға» қарсы матчтан кейін Орталық стадионда шабуылшымызға арналған қоштасу рәсімі өтеді. Ол алдағы уақытта еуропалық үлкен сахнада жаңа сынаққа қадам басады.

Он жыл бұрын Дастан «Қайрат» Академиясына арманымен, өзіне деген сеніммен, футболға деген сүйіспеншілігімен келген еді. Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады.

Сіздерді Сатпаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын тамашалап, түлегімізді құрметтеп шығарып салу, маусымның маңызды кезеңінде команданы қолдау үшін «Орталыққа» шақырамыз!, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.



Қазақстан Португалияға қарсы матчта сенсация жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или