«Ордабасы» қатары жаңа шабуылшымен толықты
Шымкенттік «Ордабасы» клубы норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсенмен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
34 жастағы шабуылшы кәсіби мансабында Норвегияның «Тёнсберг» және «Русенборг», Португалияның «Лолетану» және «Атлетику Лиссабон», Нидерландтың АЗ, «АДО Ден Хааг» және «Камбюр», Оңтүстік Кореяның «Ульсан Хёнде» және «Сеул», Грузияның «Торпедо Кутаиси» клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ АҚШ, Шотландия және Болгария чемпионаттарында да ойнаған.
2017-2021 жылдары Норвегия ұлттық құрамасының сапында 16 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Былтыр норвегиялық шабуылшы УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде «Торпедо Кутаиси» сапында «Ордабасыға» қарсы өткен кездесуде дубль авторы атанып, өз командасының келесі кезеңге өтуіне үлес қосты.
Қазақстан Португалияға қарсы матчта сенсация жасады
Ұлттық құрама шабуылшысы команда ауыстыруы мүмкін
Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері: Топтан шығатын мүмкіндік бар