Қазақстан құрамасы Blind футболдан Англиядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
28-31 мамыр аралығында Бирмингемде (Англия) 23 жасқа дейінгі көру қабілеті бұзылған футболшылар арасында алғаш рет IBSA Development Cup U-23 халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстан жастар құрамасы Англия, Польша және Италия сияқты Еуропаның мықты ұжымдарымен күш сынасып, мұндай жоғары деңгейдегі жарыста сәтті дебют жасады. Бәсекелестік пен тығыз ойын кестесіне қарамастан, отандық футболшылар халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап шықты.
Польша құрамасымен өткен тартысты әрі тең ойыннан кейін, біздің команда дәл сол күні италиялық құрдастарына қарсы қатарынан екінші кездесуін өткізді. Ал келесі күні үшінші орын үшін болған шешуші матчта Қазақстан құрамасы Италиямен қайта кездесіп, 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы 23 жасқа дейінгі көру қабілеті бұзылған футболшылар арасында тұңғыш халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанып, тарихқа енді.
Қазақстан Португалияға қарсы матчта сенсация жасады
Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері: Топтан шығатын мүмкіндік бар