Қазақстан жартылай финалда Испанияға есе жіберді

Футзалдан Еуропа чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Испанияға жол берді.

Еуропаның алты дүркін чемпионы мен біріншілік дебютанты арасындағы кездесуде кімнің фаворит саналатыны айқын. Бірақ Қазақстан құрамасы Пиреней түбегінің өкілдеріне лайықты қарсылас бола білді.

Осындай маңызды матчта біздің командаға қақпашы Игита мен Шыңғыс Есенаманов көмектесе алмады. Шабуылға қақпашыны да араластырып үйреніп қалған Какау күтпеген қадамға барып, алаңға бірден бесінші ойыншы ретінде Першиньді қосты.

Ал ойын, көптің күткеніндей, испаниялықтардың белсенділігімен басталды. Бірақ ойынның есебін қазақстандық футзалшылар ашты – 4-минутта Дугластың оң қанаттағы шабуылынан кейін Александр Довгань қанжығасын майлады. Бұған испаниялықтар 8-минутта жауап қатты. Бұрыштама доптан соң қақпашы Шомро допты қолында ұстай алмай, нәтижесінде Бебе таразы басын теңестірді. Артынша құрамаларда есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болғанымен сәт сайын қос команданың қақпашылары өз шеберлігін дәлелдеумен болды. Тек 17-минутта ғана Мигелин өз мүмкіндігін мүлт жібермеді – 1:2. Қазақстандық футзалшылардың бар күшімен алға ұмтылғанын пайдаланған испаниялықтар 18-минутта үшінші голдарын соқты.

Екі гол айырмашылығымен ұтылып жатқан Какау шәкірттері екінші таймда алаңға бесінші ойыншысын жиі шығарып тұрды. Қақпаның бос қалғанын ұтымды пайдаланған испаниялықтар 27-минутта Алекстің көмегімен есепті 4:1-ге жеткізді. Бұдан кейін «қызыл фурия» қорғанысқа көңіл бөлсе, қазақстандықтар қос қаптал арқылы қарсыласты қыспаққа алумен болды. Нәтижесінде 36-минутта Першиннің сол қанаттан жасаған соққысын Лео түйіндей алды. Араға екі минут салып Жаманқұлов ұзақ комбинацияны голға айналдырды – 3:4. Өкініште қарай, ойынның нүктесін испан футзалшылары қойды. Қарымта шабуыл барысында Рауль Кампос өз командасының бесінші голын соқты – 3:5.

Осылайша Қазақстан құрамасы жартылай финалда азуын айға білеген Испанияға жол берді. Енді Какау шәкірттері турнир қожайыны Сербиямен үшінші орынды сарапқа салады.

Испания - Қазақстан 5:3 (3:1)

Голдар: Довгань 3, Бебе 7, Мигелин 16, Рауль Кампос 17, 39 Алекс 26, Лео 35, Жаманқұлов 37

Испания: Пако Седано, Ортис, Ривильос, Пола, Рауль Кампос – Эрреро, Хуанхо, Руис, Бебе, Андресито, Усин, Лин, Мигелин, Алекс

Қазақстан: Шамро, Довгань, Лео, Дуглас, Жаманқұлов – Першин, Сулейменов, Гребонос, Кнауб, Пенгрин, Таку, Нұрғожин.

Ескертулер: Пола 37

Төрешілер: Саша Томич (Хорватия), Эдуарду Фернандеш Коэлью (Португалия)

Соққылар: 42-30

Қақпаға дәл жасалған соққылар: 17-11

Қиыс кеткен соққылар: 11-12

Фол: 3-8

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или