1XBET - ставки на спорт

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеңіл атлетикадан Гонконгта өткен Азия чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ұлттық құрама сары құрлық бәсекесінде 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Максим Сажнев диск лақтырудан 60,45 метр натижесін тіркеп, алтыннан алқа тақты. Осылайша ол U20 санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Анна Черкашина (сырықпен секіру) және әйелдер құрамасы 4х400 метрлік эстафетада күміс медаль алды.

Ал Мария Щипачева (үш қарғып секіру), Алина Головина (100 м кедергілер арқылы жүгіру), Маргарита Косинова (400 м кедергілер арқылы жүгіру) және Асқар Өмірзақ (онсайыс) қола жүлдеге ие болды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или