«Амур» жергілікті ойыншыларға сенім артып отыр

«Амур» жергілікті ойыншыларға сенім артып отыр

Хабаровскінің «Амур» клубы келесі маусымда шетелдік хоккейшілерсіз өнер көрсетіп, негізгі назарды ресейлік ойыншыларға аудармақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб басшылығы бұл шешімді отандық хоккейшілер мен жастар жүйесінің түлектерін дамыту қажеттілігімен түсіндірді. Олардың айтуынша, бұрын кейбір легионерлер жоғары жалақы алғанымен, көрсеткен нәтижесі мен мотивациясы күткен деңгейден шықпаған.

Сондай-ақ өз тәрбиеленушілеріне көбірек мүмкіндік беру команданың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, нәтижесін жақсартуға көмектеседі деп есептеледі.

Айта кетелік, «Амурдың» алдағы маусымдағы басты мақсаты – ҚХЛ плей-офф кезеңіне жолдама алып, Гагарин кубогы үшін күресу.

Стэнли кубогы: Финалға шыққан командалар белгілі болды





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или