«Атырау» мен «Тобыл» тең нәтижеге қол жеткізді
Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында «Атырау» мен «Тобыл» тең нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен кездесуде есепті қостанайлық клуб ашты. Бірінші таймда Александр Зуевтің соққысынан кейін доп қорғаушыға тиіп, қақпаға енді.
Матчтың екінші бөлігінде «Атырау» таразы басын теңестірді. 71-минутта төреші алаң иелерінің пайдасына пенальти белгілеп, Марио Рабиу оны сәтті орындады.
Айта кетелік, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Осы нәтижеден кейін «Атыраудың» еншісінде 14 ұпай болса, «Тобыл» тоғыз ұпай жинады.
«Ордабасы» мен «Қайрат» негізгі құрамдарын жариялады
Жаңа зеландиялық футболшы күтпеген жерден TikTok жұлдызына айналды
Павлодарда жағажай футболынан Қазақстан Суперкубогы өтеді
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Өзбекстанның әлем чемпионатындағы мүмкіндігіне баға берді