Самат Смақов Өзбекстанның әлем чемпионатындағы мүмкіндігіне баға берді

Самат Смақов Өзбекстанның әлем чемпионатындағы мүмкіндігіне баға берді

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

«Португалияны есептемегенде, қалғандарының бәрімен ойнауға болады, тіпті олармен де. Қазір барлық команда футбол ойнауды, қорғануды үйреніп алғанын көріп отырмыз. Егер команда жақсы қорғанса, оны бұзып өту өте қиын. Өзбекстан – біздің көршіміз, бауырлас республика, сондықтан оларға жанкүйер боламыз. Олар 10 жыл бұрын футболға инвестиция құя бастады, базалар мен стадиондар салды, енді соның жемісін көріп отыр. Қазақстанда да академиялар, стадиондар салынып жатыр. Бірақ жылдам нәтиже күтудің қажеті жоқ», – деді Смақов.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатына қатысады. Топтық кезеңде олар Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасының құрамаларымен кездеседі.

Соккадан Еуропа біріншілігі: Қазақстан құрамасы финалға дейін жетті

ҚПЛ-дың 11-тур матчтарына жиналған көрермен саны жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или